
04.09.2025 жылы салық сауаттылығын арттыру шеңберінде Шет ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы 01.01.2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында салық төлеушілерге қосылған құн салығы бойынша ставкалар, ЖТС прогрессивті ставкалары, арнайы салық режимдері, сән-салтанат салығын енгізу, салық есептілігі нысандарын қысқарту, салық есептілігінің 250 және 270 нысандарын беру тәртібі, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша өзгерістер түсіндірілді.