Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №414 бұйрығы сәйкес, баға туралы ақпаратты қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №414 бұйрығы сәйкес, баға туралы ақпаратты қалыптастыру

«КР КМ МКК Бас диспетчерлік баскармасы» 2025 жылы 19 мамырда,

СЭК өкілдерінің катысумен денгелек устел уйымдастырды.

Денгелек устел «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №414 бұйрығы сәйкес, баға туралы ақпаратты қалыптастыру туралы» такырыбында өткізілді.

Өз баяндамасы барысында бағалық ақпараттың қалыптасуы — Қазақстан Республикасындағы сатып алулар мен бюджеттік шығындарды жоспарлау жүйесінің маңызды элементі болып табылатыны туралы түсіндірді. Бұл процестің мақсаты – тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шығындарын ашық, объективті және негізді етіп айқындау. Осыған байланысты негізгі нормативтік құқықтық актілердің бірі — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №414 бұйрығы «Баға ақпаратының қалыптасу қағидаларын бекіту туралы».

 №414 бұйрықтың негізгі ережелері:

  1. Сатып алулар кезінде бағаны айқындау және негіздеу тәртібін;
  2. Баға ақпараты алынатын дереккөздерді;
  3. Баға қалыптастыру әдістерін;
  4. Бағаның негізділігін растайтын құжаттардың тәртібін;
  5. Бюджет процесіне қатысушылардың жауапкершілігін белгілейді.

414-бұйрыққа сәйкес, баға ақпараты төмендегі дереккөздер негізінде қалыптастырылады:

-Нарықтық бағалар (орташа нарықтық ұсыныстар);

-Ресми ақпараттық ресурстардағы мәліметтер;

 -Бұрынғы сатып алулардың деректері.