2025 жылғы 21 сәуірде «ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» СЭҚҚ қатысуымен «Eximp Group» ЖШС, «Огем» ЖШС және «Vincere Incorporeted» ЖШС онлайн форматта «Zoom» бағдарламасы арқылы брифинг өткізілді.
Брифинг келесі тақырыптар бойынша өтті:
1. Кедендік бақылау шеңберінде кедендік тексеру жүргізу:
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес, кедендік тексеру — кеден органдары жүзеге асыратын кедендік бақылау нысаны болып табылады, оның мақсаты — кеден заңнамасының сақталуын тексеру. Тексеру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі және құжаттарды тексеруді, тауарларды, көлік құралдарын және өзге де кедендік бақылаудағы объектілерді қарап-тексеруді қамтуы мүмкін. Тексеру нәтижелері белгіленген тәртіппен рәсімделеді.
2. Брифинг қатысушылары қойылған сұрақтарына жауап беру және көтерілген мәселелерді талқылау.
3. Басқада сұрақ-жауаптар қарастыру.