
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, кедендік тексеру жүргізу кезінде ҚХР-дан 27 тонна электронды темекіні құжатсыз контрабандалық жолмен өткізу әрекеті тоқтатылған.
Барлық заңсыз әкелінген тауарлар тәркіленді және процестік шешім қабылдау мақсатында материалдар Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, ол вейптерді (электрондық темекілерді) әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды көздейді.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті СЭҚ қатысушылары мен салық төлеушілерді кеден және салық заңнамасын бұзбауға шақырады.
Өз тарапынан Мемлекеттік кірістер комитетімен шекарада бақылау күшейтілді.