Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының стандарттары.

Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының стандарттары.

Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының стандарттары.

Мемлекеттік қызметшінің этикасы – бұл белгілі бір қоғамға жататын, жалпыға бірдей мораль нормалары болып табылатын неғұрлым саналы және нақтыланған жиынтығы болып табылады және мемлекеттік қызмет қатынастарындағы мінез-құлық нормаларының рәсімдер мен ережелердің, қатынастар мен принциптердің жүйесі. 

Мемлекеттік қызметшілерге келесі талаптар қойылады:

1) қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау;

2) мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;

3) заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмау;

4) азаматтармен қарым-қатынаста дұрыстық танытуға, дөрекілік, ар-намысты қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлықтарымен өз тарапынан сын тудырмау;

5) іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу;

6) қызметтiк мiндеттердi орындауға байланысты заңсыз уәделер бермеу және кез келген сипаттағы заңсыз мiндеттемелердi алмау;

7) өзiнiң қызмет бабын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және өзге де тұлғалардың қызметiне жеке мәселелерiн шешу кезiнде ықпал ету үшiн, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, өзге де коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерi үшiн онымен байланысты мүмкiндiктердi пайдаланбау оның ішінде олармен қарым-қатынасын ілгерілету үшін;

8) мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк мүлiктi тек мақсаты бойынша, қызметтiк мiндеттерiн орындау және рұқсат етiлген қызмет үшiн пайдалану;

9) қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін заңсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеу.