Кедендік құн бойынша бақылауды болдырмайтын мән-жайлар

Кедендік құн бойынша бақылауды болдырмайтын мән-жайлар

Регламенттің 6-тармағына сәйкес  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі шешімі № 42 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, егер бұл тауарлар сыртқы экономикалық шарт  (келісімшарт) шеңберінде әкелінген жағдайда, оларға сәйкес бұрын әкелінген тауарлар келесі шарттарды бір мезгілде сақталған кезде:

а) әкелінетін тауарлар және бұрын әкелінген тауарлар бірдей болып табылған, мәміле шарттары өзгермеген кезде (соның ішінде тауарлардың және оларды жеткізу шарттарының бағасына қатысты) бір сыртқы экономикалық шарт (келісімшарт) шеңберінде әкелінген;

б) әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу кезінде бұрын әкелінген бірдей тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу кезіндегідей осы Ереженің 5-тармағында көрсетілгендердің қатарындағы мән-жайлар анықталған;

в) бұрын әкелінген тауарларға қатысты:

- тауарлардың кедендік құны тауарлардың кедендік құнын әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша анықтау әдісі (1-әдіс) бойынша айқындалған;

- тауарлардың кедендік құнын бақылау нәтижелері бойынша тексерілетін мәліметтердің анықтығы және (немесе) толықтығы расталған;

д) тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында «09031» кодымен әкелінетін тауарларға қатысты ҚМТ жүргізілген және 1-әдіс қабылданған бұрын әкелінген ұқсас тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі мәлімделген;

е) бұрын әкелінген бірдей тауа­рларды шығару күнінен бастап, ал егер бі­рдей тауарлар Кодекс­тің 120-бабына немесе121-бабына сәйкес шығарылған болса – декларантқа кеден­дік, өзге де құжатта­рды және (немесе) мә­ліметтерді тексерудің аяқталғаны туралы мәліметтерді жіберген күнен бастап кезең. Және (немесе) тауарларға арналған декларацияларға қатысты жүзеге асырылатын мәліметтер, осындай декларацияларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар және аталған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген және немесе кеден органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтер импортталатын тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып айқынд­алған мерзімнен аспайды (бірақ 180 күнтізб­елік күннен асп­ауы тиіс).

Осылайша, тауарларға декларация беру кезінде декларант міндетті түрде «09031» кодымен тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында бұрын әкелінген ұқсас тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін көрсетуге тиіс, олар бойынша ҚМТ жүргізілген және 1-әдіс қабылданған.

Барлық шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда кеден органы кедендік құн бойынша ҚМТ жүргізбейді және декларация шығарылады.

Әкелінетін тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету негіздері:

  1. Кеден құнын ангықтау әдісін дұрыс таңдамау;
  2. Кеден құнын құжаттамалық растаудың болмауы;
  3. Кедендік құн құрылымын бұзу.