
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен(Әдеп кодексімен бір мезгілде) бекітілген және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтың бірі болып табылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзудың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға өз функциялары шегінде консультациялар беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңдарда белгiленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауына ықпал етедi;
3) мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша немесе мемлекеттік органның басшысы берген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтiруге бағытталған шараларды қолданады;
6) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын сақтауын бақылауды және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қолданбау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, оларды жою жөнінде мемлекеттік органның басшылығына ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы және Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен іс-әрекет жасайды;
10) мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының және Әдеп кодексінің сақталуы мәселелері бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
11) қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныспен заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында өзге де қызметті жүзеге асырады.
Әдеп жөніндегі уәкіл жүктелген функцияларды орындау үшін:
1)мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Әдеп кодексін бұзуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;
2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын, сондай-ақ Әдеп кодексін түсіндіру үшін тиісті уәкілетті органдарға жүгінеді;
3) мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу жөнінде мемлекеттік органның басшысына ұсыныс енгізеді;
4) қажет болған жағдайда өз құзыретiндегi мәселелердi қарау кезiнде кадр қызметiнен мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке iстерiн, мемлекеттiк қызмет мәселелерiне қатысты өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.
Мемлекеттiк органның басшысы негiзсiз бас тарту алған, тиiстi шаралар қабылдамаған немесе әдеп жөнiндегi уәкiлеттiң функцияларын орындауға кедергi келтiретiн әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған жағдайларда Әдеп жөнiндегi уәкiл бұл туралы мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) немесе оның аумақтық бөлiмшесiне хабарлайды.
Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі осындай хабарламаны алғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдайды.