
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» ҮҮБ-4 «Жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» жобасын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келесі мазмұндағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылғы 4 мамырдаң бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процестері, кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.) 2023 жылғы 4 мамырға дейін sa.smagulov@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймын
Сұрақтарыңыз болса 71-81-72 телефон номеріне хабарласыңыз».