Бейнеконференция

Бейнеконференция

2023 жылғы 16 қантарда сағат 11.00-де "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі бизнес қоғамдастықтардың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  (бұдан әрі – «ҰКП) өкілдерінің қатысуымен  тауарлар мен көлік құралдарының  кедендік рәсімдеу кезінде туындайтын өзекті мәселелер бойынша, сондай-ақ бірлесіп шешуді қажет ететін басқа да сұрақтар бойынша  бейнеконференция өткізу жоспарлануда.

Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды көрсетілген «ZOOM» бейнеконференциясына қатысуды сұраймыз. Сіздің сұрақтарыңызды күн тәртібіне енгізу үшін «Атамекен» ҰКП жүгінуіңізді сұраймыз. «ZOOM» сілтемесі «Атамекен» ҰКП  өкілдері арқылы жолданады.