«Кеден органдары тағайындайтын кедендік жете-тексеру және кедендік тексеру мәселелері» тақырыбындағы брифинг

«Кеден органдары тағайындайтын кедендік жете-тексеру және кедендік тексеру мәселелері» тақырыбындағы брифинг

_____2026 жылғы 28 тамызда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өкілдерінің қатысуымен Zoom платформасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.

_____Брифинг барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 «Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының ережелері түсіндірілді.

_____Іс-шара барысында кедендік жете-тексеру (тексеру) нәтижелері бойынша толтырылатын, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 «Кедендік құжаттардың нысандары туралы» шешімімен белгіленген кедендік жете-тексеру (тексеру) актілерінің нысандары қаралды.

_____Брифинг қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп, сондай-ақ кедендік жете-тексеру (тексеру) жүргізу кезінде Кодекс нормаларын қолданудың практикалық аспектілері түсіндірілді.