Кедендік декларациялау мониторингі басқармасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы

Кедендік декларациялау мониторингі басқармасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы

_____Техникалық оқуды «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.А. Айнакулов  ашып, одан әрі спикер Ш.Ғ. Шаймерден  өз баяндамасын жалғастырды.

_____Техникалық оқу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасағаны үшін жауапкершілік мәселесі қаралды. Қызметтік міндеттерді атқару кезінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді.

_____Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін заңнамада белгіленген жауапкершілік түсіндірілді. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, заңсыз сыйақы алуға, қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін өзге де әрекеттерге жол бермеуге ерекше назар аударылды.

_____Мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтаудың, мүдделер қақтығысына жол бермеудің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған жағдайда басшылықты уақтылы хабардар етудің маңыздылығы атап өтілді.

_____Техникалық оқу барысында:

_____Қызметтік міндеттерді атқару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.;

_____Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу;

_____Қызметкерлердің белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау үшін жеке жауапкершілігін арттыру;

_____Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау мәселелері қарастырылды.