
_____«ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ 2026 жылғы 21 тамызда СЭҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
_____Дөңгелек үстел барысында «Бірінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі» (бұдан әрі – Келісім) ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
_____Келісімнің қағидаттары мен қағидалары ескеріле отырып, оның неғұрлым егжей-тегжейлі айқындалған мақсаттары:
_____1) Тараптар арасындағы тауарлар саудасын ырықтандыру және оңайлату, оның ішінде осы Келісімнің ережелеріне сәйкес тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту немесе жою арқылы ырықтандыру және оңайлату;
_____2)_Тараптардың экономикалық және саудадағы өзара іс-қимылын қолдау;
_____3)_Тараптар арасындағы сауданы кеңейту мен әртараптандыруды ынталандыру болып табылады.
_____Әрбір Тарап Тараптардың бірінен шығатын тауарларға қатысты Келісімге 1 және 2-қосымшаларда қамтылған өзінің Тарифтік міндеттемелер тізбесіне сәйкес белгіленген режимнен қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.
_____Тауарлардың шығу тегі Келісімге "Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидалары" деген 3-қосымшада белгіленген Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.
_____Тараптан шығарылатын тауарларды кез келген Тарапқа әкелу кезінде тауардың шығу тегі туралы мынадай құжаттардың бірі:
_____1)_Қағидалардың 28-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 19-бабына сәйкес берілген тауардың шығу тегі туралы сертификат (ЕАМ нысаны); немесе
_____2)_Қағидалардың 21-бабына сәйкес ресімделген тауардың шығу тегі туралы декларация ұсынылған жағдайда, осындай тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беріледі.
_____Егер тауарлар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген тауарларды импорттаушы немесе экспорттаушы Қағидалар ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпесе, импорттаушы Тараптың кеден органы тарифтік преференцияларды беруден бас тартады және осындай Тараптың заңнамасы мен қағидаларына сәйкес төленбеген кеден баждарын өндіріп алады.
_____13-баптың 6-тармағына сәйкес әрбір Тарап:
_____1)_Тараптардың кеден заңнамасында және қағидаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясы тіркелген кезден бастап төрт (4) сағаттан аспайтын мерзім ішінде тауарларды шығаруды қамтамасыз етуге;
_____2)_тауарлар келгеннен кейін оларды шығаруды жеделдету мақсатында тауарлар келгенге дейін кедендік ақпаратты электрондық түрде ұсыну және өңдеу мүмкіндігін ендіруге немесе қолдауға;
_____3)_тәуекел деңгейі жоғары тауарларды тексеру іс-шараларын шоғырландыру және тәуекел деңгейі төмен тауарларға қатысты кедендік операциялар жасауды оңайлату мақсатында тәуекелдерге жүйелі бағалау жүргізу арқылы тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға тиіс.
_____Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.