«Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы

«Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы

_____2026 жылғы 12 тамызында «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының, 1 Электрондық декларациялау  бөлімінің бас маманы Ә.Б. Сапар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.А. Айнакуловтың қатысуымен «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілерге цифрлық ортада және әлеуметтік желілерде қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

_____Түсіндіру жұмысы барысында қызметкерлерге цифрлық ортада және әлеуметтік желілерде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ Интернет желісінде ақпаратты орналастыру мен таратуға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

_____Жарияланымдарды, пікірлерді, фотосуреттер мен бейнематериалдарды орналастыру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

_____Қызметтік ақпараттың сақталуына қойылатын талаптарды сақтау мәселесі жеке қаралды. Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қызметтік құжаттарды, жұмыс материалдарын, қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты өздеріне белгілі болған өзге де ақпаратты таратуға жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді.

_____Техникалық оқу қорытындысы бойынша қызметкерлерге қызметтік әдеп нормаларын тек лауазымдық міндеттерін тікелей орындау кезінде ғана емес, цифрлық ресурстар мен әлеуметтік желілерді пайдалану барысында да сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Цифрлық ортада әдептілік, жауапкершілік, құпиялылық және адалдық қағидаттарын сақтау мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, азаматтардың сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң беделін сақтауға ықпал етеді.

_____Қызметкерлерге тиісті түсіндірмелер беріліп, қызықтырған сұрақтарына жауаптар ұсынылды.