
_____2026 жылғы 12 тамызда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі – БДБ) қызметкерлері үшін БДБ басшысының орынбасары С.М. Шимгамбаев, БДБ Заң бөлімінің басшысы М.С. Асанбаева, сондай-ақ БДБ Әкімшілік басқармасының персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекші маманы Н.өАйтуганованың қатысуымен техникалық оқу өткізілді.
_____Іс-шара барысында өтініштерді тіркеуге, қарауға және қайта жолдауға қойылатын заңнама талаптары, оларды қарау мерзімдері, «e-Otinish» ақпараттық жүйесінде өтініштерді кері қайтарып алу тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралды.
_____Өтініштің түрін дұрыс айқындау, өтініш тілін таңдау және мемлекеттік органның оларды қарау кезіндегі құзыретін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. БДБ қызметкерлерінің назарына бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ақпараттық жүйеге келіп түскен өтініштерді талдау нәтижелері жеткізілді. Талдау қорытындысы бойынша өтініштерді тіркеуге, атап айтқанда, қайталама өтініштерді тіркеуге, олардың түрін дұрыс айқындамауға және өтініш тілін дұрыс таңдамауға байланысты ең көп таралған бұзушылықтар қаралды.
_____Техникалық оқу қорытындысы бойынша өтініштерді тіркеу кезінде оның мазмұнын басшылыққа алу, ақпараттық жүйеге қажетті өзгерістерді уақтылы енгізу және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударылды.