«Кедендік операциялар, кедендік декларацияны қайтарып алу, тауарларды шығарудан бас тарту және оларды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Кедендік операциялар, кедендік декларацияны қайтарып алу, тауарларды шығарудан бас тарту және оларды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

     2026 жылғы 04 маусымдағы «Кедендік операциялар, кедендік декларацияны қайтарып алу, тауарларды шығарудан бас тарту және оларды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

     Іс-шара барысында 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ  «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексінің 184 және 201-баптарының ережелері қаралды.

     Кедендік декларацияға енгізілген тауарларға қатысты дәлелді өтініш жасау жағдайларына ерекше назар аударылды.

     Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімі «Тауарлар шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы» тәртібі қаралды.

     Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өзекті мәселелер бойынша түсініктеме алды.