
ҚР ҚМ МКК «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді
Дөңгелек үстел келесі тақырыпта өткізілді: «ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелерін қарастыру».
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға тауарлардың кедендік құнын айқындау тәртібін реттейтін ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдістері, оларды қолдану шарттары, сондай-ақ мәміле құны әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда өзге әдістерді қолдану кезектілігі қарастырылды.
Мәлімделген кедендік құнды растайтын құжаттарға, кедендік құнды бақылауды жүзеге асыру тәртібіне және кедендік құнды түзету туралы шешім қабылдау негіздеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кедендік құнға қатысты мәліметтерді декларацияда дұрыс көрсету және оны растайтын құжаттарды ұсыну мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында тауарлардың кедендік құнын айқындау және мәлімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктер қаралып, олардың алдын алу бойынша түсіндірмелер берілді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар кедендік құнды айқындау және мәлімдеу кезінде кеден заңнамасы талаптарын сақтау қажеттілігін атап өтті.