
Техникалық оқуды БДБ Әдеп жөніндегі уәкілі А.Б. Айнакулов ашып, қатысушыларды қарсы алып, күн тәртібін таныстырды.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі талаптары, қызметтік мінез-құлық нормалары, сондай-ақ іскерлік мәдениет пен тәртіпті сақтау мәселелері түсіндірілді.
Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
1. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу;
2.Адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын сақтау;
3.Азаматтармен және әріптестермен сыпайы әрі құрметті қарым-қатынас жасау;
4.Мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтау;
5. Мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу.
Кездесу барысында семинар қатысушыларына қызметтік әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Техникалық оқуды қорытынлай келе қатысушыларға ұсынылды:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
2. Қызметтік әдеп және іскерлік мінез-құлық нормаларын ұстану;
3. Адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау;
4. Мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
5. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қолдау.