2026 жылғы 22 мамырда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі – БДБ) мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есерткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруға мәселелері бойынша техникалық оқу өткізді. Іс шараны БДБ басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Б.А. Айнакулов ашты. Спикер ретінде Астана қаласы полиция Департаментінің, подполковнигі, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бөлімінің басшысы Әлия Қибатқызы сөз сөйледі.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасының қызметтік тәртіпті сақтауға, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға қатысты негізгі талаптары назарына ұсынылды. Мемлекеттік қызметкерлеріне әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік шаралары, осы құқық бұзушылықтарды жасаудың салдары, оның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, әкімшілік қамаққа алу, жұмыстан босату және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шаралар түсіндірілді.