«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың құқықтары (Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 24-4-бабы)» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың құқықтары (Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 24-4-бабы)» тақырыбындағы дөңгелек үстел

     ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ 2026 жылғы 18 мамырда бірқатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (СЭҚҚ) қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

     Дөңгелек үстел мына тақырыпта өткізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың құқықтары (Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 24-4-бабы)».

     Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 24-4-бабының нормалары түсіндірілді. Аталған бапқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламаны қарау нәтижелері жөнінде ақпарат алу, сондай-ақ қабылданған шешімдерге шағымдану құқықтары бар.

     Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе жауаптылыққа тарту қаупі туындаған жағдайда қорғау алу тәртібі, оның ішінде уәкілетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органына қайта жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету фактісі туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтау, ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібі, сондай-ақ мұндай ақпаратты жария еткені үшін жауаптылық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.