
Техникалық оқуды Д.Ш.Еркін ашып, қатысушыларды қарсы алып, күн тәртібін жариялады. Одан әрі, төрағалық етуші, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері бойынша техникалық оқуды бастады.
Техникалық оқу барысында ЭДОБ қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін белгіленген шектеулер, сондай-ақ аталған шектеулерді сақтамағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты материалдық сыйақы, сыйлықтар, қызметтер немесе өзге де мүліктік игіліктерді хабардар етілмей (немесе заң талаптарын бұза отырып) алған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы талаптарын сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетігі болып табылады және әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті болып саналады.