«Резервтік әдіс (6 - әдіс) мәселелері» тақырыбындағы брифинг

«Резервтік әдіс (6 - әдіс) мәселелері» тақырыбындағы брифинг

     2026 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен бейнеконференцбайланыс арқылы брифинг өткізілді.

     Брифинг барысында, оны өткізген ҚР ҚМ МКК БДБ ҚДМБ тауарлар шығарылғаннан кейінгі құжаттар мен мәліметтерді тексеру бөлімінің жетекші маманы – Көбеген М.Е. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін практикалық қолдану мәселелерін қарастырды.

     Негізгі әдістерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда 6-әдісті қолдану тәртібіне, кедендік құнды есептеу кезінде пайдаланылатын ақпарат көздеріне, сондай-ақ ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына ерекше назар аударылды.

     Сонымен қатар, қатысушыларға тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу кезінде жиі жіберілетін қателіктер, олардың алдын алу шаралары, сондай-ақ, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

     Брифинг аясында кедендік реттеу саласындағы заңнаманы біркелкі қолдану, тауарларды декларациялау кезінде талаптарды сақтау және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері де талқыланды.

     Қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, кедендік әкімшілендіру және тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелері бойынша осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуге қызығушылық білдірді.