«Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды шығарудан бас тартудың бірыңғай негіздерін енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды шығарудан бас тартудың бірыңғай негіздерін енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ 2026 жылғы 4 мамырда келесі СЭҚ қатысушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды:

     ЖК «Турсынбаев» өкілі – Зулпыхар Б;

     ЖШС «Нур Алем» өкілі – Ортай Ж.;

     ЖШС «Араншы» өкілі – Турсынбаев Б.

     Дөңгелек үстел барысында «Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды шығарудан бас тартудың бірыңғай негіздерін енгізу» тақырыбы бойынша толық түсіндірмелер берілді.

     Ұсынылды:

     1. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту;

     2. Кеден органдары тарапынан заңнама нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету.

     Барлық қойылған сұрақтарға түсіндірмелер берілді.

     Сонымен қатар, тауарларға декларацияны толтыру тәртібін бұзу жағдайлары бойынша өзге де мәселелер қозғалды.