«Кедендік қарап-тексеру» тақырыбында брифинг

«Кедендік қарап-тексеру» тақырыбында брифинг

     2026 жылғы 23 сәуірде «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ онлайн форматта «Zoom» бағдарламасы арқылы СЭҚҚ қатысумен («ITA Global Trade» ЖШС, «KDS Construction» ЖШС) брифинг өткізілді.

     Брифинг барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VI ҚРЗ Кодексінің 412-бабы бойынша мәселе қаралды (бұдан әрі - Бап).

     Брифинг аясында қатысушыларға аталған Баптың негізгі ережелері бойынша, оның ішінде кедендік қарап-тексеруді жүргізу мәселелері, сондай-ақ кедендік қарап-тексеру нәтижелері жөнінде ақпарат ұсынылды.

     Сонымен қатар, қарап-тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында, сондай-ақ тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүкжайларында (бөлекжайларында) кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да сәйкестендіру құралдарының бар-жоғын тексеру мақсатында жүргізілетіні атап өтілді.

     Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық тәжірибемен алмасып, өзекті мәселелерді талқылады және осындай брифингтерді тұрақты негізде өткізуге қызығушылық білдірді.