
2026 жылғы 20 сәуірде «Ахуалдық орталық» басқармасының мониторинг және жете тексеруді сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы Е.Е. Капан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Б.А. Айнакуловтың қатысуымен Ахуалдық орталық басқарма қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Түсіндіру жұмысы барысында іскерлік киім үлгісі, ұқыптылық пен жинақылық нормалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметші мәртебесіне сай мінез-құлық қағидалары қарастырылды. Қызметтік әдеп нормаларын сақтамаған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары қосымша түсіндірілді.
Қызметкерлердің сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.