
2026 жылдың 13 сәуірде «ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де ЕАЭО кеден заңнамасының тауарлардың кедендік құнын анықтау мәселелеріне арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында мамандар кедендік құнды есептеу тәртібін жан-жақты түсіндіріп, ЕАЭО заңнамасының қолданыстағы нормаларын баяндап, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларда жиі туындайтын сұрақтарға жауап берді.
Брифингте кедендік құнды анықтау әдістерін дұрыс қолдану, тауарларды декларациялау ерекшеліктері және құжаттарды толтырудағы қателіктерді болдырмау жолдары басты назарда болды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кеден талаптарын сақтау үшін тәжірибелік ұсыныстар алды.
Мұндай іс-шаралар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кеден органдарымен ашық әрі түсінікті жүйеде өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді.