
2026 жылғы 9 сәуірде «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ онлайн форматта «Zoom» бағдарламасы арқылы СЭҚҚ қатысумен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 2026 жылғы 10 сәуірден бастап «КЕДЕН» ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» модулін іске қосу туралы ақпарат жеткізілді.
Брифинг барысында жүйенің негізгі функционалдық мүмкіндіктері, тауарларға арналған декларацияны беру тәртібі, сондай-ақ жаңа жағдайларда кедендік операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері түсіндірілді.
«КЕДЕН» ақпараттық жүйесін енгізу кедендік ресімдеу рәсімдерін жеңілдетуге және жеделдетуге, процестердің ашықтығын арттыруға және қағаз құжат айналымын барынша азайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қойған сұрақтарына жауаптар беріліп, жүйеде жұмыс істеудің практикалық аспектілері түсіндірілді.