
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ ҮҮБ-4 «Жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» жобасын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келесі мазмұндағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 17 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процестері, кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.) 2026 жылғы 17 сәуірге дейін ahmetova.u@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұрайды.
Сұрақтарыңыз болса 71-81-72 телефон нөмеріне хабарласыңыз.