«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 264 бұйрығына сәйкес Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 264 бұйрығына сәйкес Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

     Еркін Д.Ш. отырысты ашып, қатысушыларды қарсы алып, күн тәртібін жариялады. Өз сөзінде ол консультация өткізу қағидалары мен мерзімдері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 65-бабының 15-тармағын іске асыру мақсатында әзірленгенін және олардың кедендік құнды айқындау кезінде мемлекеттік кірістер органы мен декларант арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін белгілейтінін атап өтті.

     Консультация өткізудің мақсаты – кедендік құнды айқындауда ашықтықты, заңдылықты және негізділікті қамтамасыз ету.

     Консультация тек кедендік құнды айқындаудың 2 және 3 әдістерін таңдаған жағдайда ғана өткізілетінін, ескеру қажет.

     Консультация тауарлар шығарылғанға дейін немесе кейін өткізіледі.

     Консультация барысында тараптар өздеріндегі ақпаратпен алмасады, бұл ретте Қазақстан Республикасының коммерциялық құпияны қорғау туралы заңнамасы сақталады.

      Мемлекеттік кірістер органдары алынған мәліметтердің сақталуына жауап береді.

     Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы ақпараттық жүйе арқылы немесе жазбаша түрде декларантқа консультация өткізу туралы хабарлайды, ал декларант өз кезегінде бағаланатын тауарларға біртекті немесе бірдей тауарлардың құны туралы мәліметтерді ұсынады немесе олардың жоқтығы туралы хабарлайды. Бұл ретте мәліметтер тауарларды шығару мерзімінен немесе кедендік тексеру мерзімінен кешіктірілмей берілуі тиіс.

     Егер ұсынылған мәліметтерді пайдалану мүмкін болмаса немесе олар ұсынылмаса, шешім қолда бар ақпарат негізінде қабылданып, ол туралы декларантқа ақпараттық жүйе арқылы немесе жазбаша түрде хабарланады. Осыдан кейін консультация аяқталған болып саналады.