
2026 жылғы 2 наурызда «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ онлайн форматта «Zoom» бағдарламасы арқылы СЭҚҚ қатысумен («Магнат Логистик» ЖШС, «Алем-Транс» ЖШС) брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VI ҚРЗ Кодексінің 413-бабы бойынша мәселе қаралды (бұдан әрі - Бап).
Брифинг аясында қатысушыларға аталған Баптың негізгі ережелері бойынша, оның ішінде кедендік тексеруді жүргізу мәселелері, сондай-ақ кедендік тексеру нәтижелері жөнінде ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, кедендік тексеру кедендік бақылаудың бір нысаны болып табылатыны, тексеру тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізілетіні атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық тәжірибемен алмасып, өзекті мәселелерді талқылады және осындай брифингтерді тұрақты негізде өткізуге қызығушылық білдірді.