Әкімшілік басқармасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді

Әкімшілік басқармасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді

     2026 жылғы 26 ақпанда Әкімшілік басқармасы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Шимгамбаевтың қатысуымен, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

     Іс-шара аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 24, 24-1, 24-2, 24-3 және 24-4-баптары туралы түсіндірме берілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарлау тәртібі, басшылықтың міндеттері, құқықтары, мемлекеттік қорғау кепілдіктері және көмек көрсететін тұлғалардың құпиялылығы баяндалды. Нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау міндеті және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өз еркімен хабарлаған қызметкерлерді қудалауға жол берілмейтіндігі атап өтілді.