
2026 жылғы 25 ақпан айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі – БДБ) қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Е.Қ. Жолданғар БДБ басшысы Н.М. Сибагатовтың қатысуымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағыттары мен алдағы басым міндеттері бойынша мәселелер талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауды және қызмет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтауын қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.