Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді

Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді

     2026 жылғы 24 ақпанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ этика бойынша уәкілетті өкілі С.М. Шимгамбаев қатысуымен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексіне қатысты түсіндіру жұмыстары өткізілді.

     Семинар барысында Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті негізгі нормативтік құжат болып табылады және мемлекеттік қызметтің құқықтық реттеу жүйесіне кіреді деген тұжырым жасалды. Ең бастысы, Этикалық кодекс талаптар жиынтығы ғана емес, қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқын қалыптастыратын құндылықтар жүйесі екені атап өтілді.

     Кодекстің негізгі мақсаттары ретінде қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыру, мемлекеттік қызмет мәдениетін көтеру, этикалық емес және сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алу, мемлекеттік билік беделін арттыру көрсетілді.

     Семинарда қызметтік этиканың негізгі принциптеріне де ерекше мән берілді. Оларға заңдылық, адалдық, тиянақтылық, әділдік, ашықтық, жауапкершілік, кәсібилік және саяси бейтараптық жатады. Бұл принциптер мемлекеттік қызметшінің кәсіби мінез-құлқының негізін құрайды.

     Сондай-ақ, негізгі мінез-құлық стандарттары қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ету, азаматтармен сыпайы және құрметті қарым-қатынас жасау, қабылданатын шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету, қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланбау және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету сияқты бағыттарды қамтиды.

     Этикалық нормалар тек қызметтік әрекетке ғана емес, қызметтен тыс уақытқа да таралып, мемлекеттік қызметшінің үздіксіз этикалық жауапкершілігі принципін қалыптастырады. Қорытындысында Этикалық кодекс қоғам сенімі, кәсіби мәдениет және мемлекеттік басқарудың тиімділігінің негізі ретінде маңызды екені атап өтілді.