«Кедендік құнды анықтау әдістері» тақырыбындағы брифинг

«Кедендік құнды анықтау әдістері» тақырыбындағы брифинг

     2026 жылғы 5 ақпанда Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес кедендік құнды айқындау мәселелері мен оны айқындау әдістерін түсіндіруге арналған онлайн форматтағы брифинг өткізілді.

     Брифинг Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ тарапынан ұйымдастырылды.

     Онлайн-брифинг барысында ЕАЭО нормаларында көзделген кедендік құнды айқындаудың алты әдісін қолдану мәселелері қарастырылды.

     Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды:

  • Кедендік құнды айқындау әдістерін қолданудың кезектілігіне — әкелінетін тауарлармен мәміле құны әдісінен резервтік әдіске дейін;
  • Әрбір әдісті нақты жағдайларда қолданудың ерекшеліктеріне;
  • Тауарларды декларациялау кезінде кедендік құнды құжаттық растау тәртібіне.

     Өткізілген онлайн-брифинг қатысушылардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруға және кедендік құнды айқындау мен негіздеу қағидаларын тереңірек түсінуге ықпал етті, бұл сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде аса маңызды болып табылады.