
ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ 2026 жылғы 29 қаңтарда бірқатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (СЭҚҚ) қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел мына тақырыпта өткізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың құқықтары (Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 24-4-бабы)».
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 24-4-бабының нормалары түсіндірілді. Аталған бапқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламаны қарау нәтижелері жөнінде ақпарат алу, сондай-ақ қабылданған шешімдерге шағымдану құқықтары бар.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе жауаптылыққа тарту қаупі туындаған жағдайда қорғау алу тәртібі, оның ішінде уәкілетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органына қайта жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету фактісі туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтау, ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібі, сондай-ақ мұндай ақпаратты жария еткені үшін жауаптылық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.