«ҚР ҚМ МКК БДБ» РММ қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«ҚР ҚМ МКК БДБ» РММ қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

     2025 жылғы 5 желтоқсан айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі-БДБ) қызметкерлеріне  БДБ басшысының орынбасары,  әдеп жөніндегі уәкілі С.М. Шимгамбаев түсіндіру жұмысын жүргізді.

     Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде материалдық сыйақылар, сыйлықтар алу немесе қызметтерді алуына жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау мәселелері талқыланды.

     Іс-шарада мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы белгіленген шектеулерді қатаң сақтауының маңыздылығын атап өтті. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде материалдық сыйақыларды, сыйлықтарды немесе игіліктерді алуға жол бермеуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы уақтылы және адал хабарлауға ерекше назар аударылды. Талқыланған тақырыптар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, қызметтік этиканы нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қатынасты қалыптастыруға бағытталған.