
2025 жылғы 28 қараша күні сағат 16:00-де видеобайланыс форматында «Дистрибьютерлік келісімдер және олардың тауарлардың кедендік құнын айқындауға әсері» тақырыбында Сыртқы экономикалық қызмет басқармасының (СЭҚБ) қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында дистрибьютерлік келісімдердің құқықтық сипаты, эксклюзивтік шарттардың ерекшеліктері, дистрибьютер құқықтарына қойылатын шектеулердің кедендік құнды айқындау әдісіне әсері, сондай-ақ тараптардың өзара байланыстылығы жағдайында мәміле бағасының сенімсіз деп танылу тәуекелдері қарастырылды.