««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 231 және 232-баптарын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 231 және 232-баптарын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

     «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ 2025 жылғы 24 қарашада СЭҚҚ қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

     Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 231 және 232-баптарын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілді.

     Талқылау барысында қатысушыларға 231-бапқа қатысты түсіндірмелер берілді, онда кедендік транзит рәсімінің аяқталуы мен тоқтатылу тәртібі реттеледі. Тауарларды жеткізу фактісін құжаттық растау, рәсімнің аяқталуын кеден органының тіркеу уақыты, сондай-ақ тауарлардың жоғалуына немесе жойылуына байланысты транзиттің тоқтатылу жағдайлары қарастырылды.

     Қатысушыларға сондай-ақ 232-баптың ережелері ұсынылды, онда тауарлар жеткізу орнына жеткізілгеннен кейін жүзеге асырылатын операциялардың тізбесі белгіленген. Тауарларды түсіру, қайта тиеу және жеткізу орны ішінде жылжыту шарттары түсіндірілді, сондай-ақ кеден органының рұқсатынсыз тауарлардың қасиеттерін немесе тағайындалуын өзгертуге әкелетін әрекеттерге жол берілмейтіні атап өтілді.

     Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Кодекстің 231 және 232-баптарын бірыңғай қолданудың қажеттілігін және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді қажет деп тапты.