
2025 жылғы 21 қараша айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі-БДБ) қызметкерлеріне БДБ басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі С.М. Шимгамбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті» РММ өкілдерімен Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы – Қанат Орынтайұлы, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары – Макажанов Мамырхан Рахметуллаевич, Айтуева Акерке Кенжебаевна бірлесе отырып, түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Өткізілген іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңның талаптарын сақтау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама; Мемлекеттік қызмет туралы заң және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алу шаралары талқыланды. Мереке барысында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтаудың және қызмет этикасының бұзылуына жол бермеудің маңыздылығы да атап өтілді.
Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметтің негізі және мемлекеттік қызметкерлердің оң кәсіби имиджін қалыптастырудың маңызды шарты болып табылатын құқықтық нормалар мен тәртіптік талаптарды сақтау қажеттігі түсіндірілді.