«Қазақстан Республикасында тауарларды уақытша әкелу (ИМ 53) кедендік рәсімін қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасында тауарларды уақытша әкелу (ИМ 53) кедендік рәсімін қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ 2025 жылғы 24 қазанда бірқатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (СЭҚҚ) қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасында тауарларды уақытша әкелу (ИМ 53) кедендік рәсімін қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілді.

Іс-шара барысында уақытша әкелу (ИМ 53) кедендік рәсімін қолдану мәселелері, тауарларды аталған рәсімге орналастыру негіздері, уақытша әкелу мерзімдері және оларды ұзарту тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз етуден босатылу жағдайлары бойынша түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін тауарларды еркін айналымға шығарылған деп тану мәселелері бойынша сот және құқық қолдану тәжірибесіне, жауапкершілік туралы қаулыларға шағымдану тәртібіне, сондай-ақ ИМ 53 рәсімін қолдану барысында құқықтық қауіптерді барынша азайту жөніндегі ұсынымдарға ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша СЭҚ қатысушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға, кеден органдары тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ уақытша әкелу (ИМ 53) рәсімін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды өзектендіру қажеттілігі айқындалды.