«Тауарлар шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы» тақырыбындағы брифинг

«Тауарлар шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы» тақырыбындағы брифинг

     2025 жылғы 06 қазан айында «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ онлайн форматта «Zoom» бағдарламасы арқылы СЭҚҚ қатысумен («Бастау» ЖШС, «Аскар» ЖШС) брифинг өткізілді.

     Брифинг барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 «Тауарлар шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы» шешіміне (бұдан әрі- Шешім) қатысты мәселе қарастырылды.

     Қатысушыларға аталған Шешімнің негізгі ережелері бойынша түсіндірмелер берілді, соның ішінде декларацияны тіркеуге дейін тауарларды шығару, кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ете отырып шығару, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері талқыланды.

     Ерекше назар Шешімнің ережелерін орындауға байланысты практикалық мәселелерге аударылды.

     Бұл Шешімнің ережелерін іске асыру кедендік әкімшілендірудің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етендігі, атап өтілді.

     Брифинг қорытындысы бойынша қатысушыларға Шешімнің ережелерін қолдануға қатысты ұсынымдар беріліп, сондай-ақ СЭҚҚ қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.