«Кедендік алымдардың түрлері» тақырыбындағы брифинг

«Кедендік алымдардың түрлері» тақырыбындағы брифинг

     2025 жылғы 24 қыркүйекте «ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ- ЕАЭО және Қазақстан Республикасының заңнамасы щеңберінде қолданылатын кедендік алымдардың түрлеріне арналған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (бұдан әрі – СЭҚҚ) брифинг өтті.

     Брифинг барысында, «ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы»  тауарларды шығарылғаннан кейінгі Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүргізу бөлімі  және  СЭҚҚ-мен кедендік алымдардың негізгі санаттарын, олардың құқықтық негізі мен қолданылу тәртіптері бойынша талқылау жүргізді.

     Қазақстан Республикасында және ЕАЭО елдерінде келесі кедендік алымдар алынатыны атап өтілді: кедендік ресімдеу үшін алымдар – тауарларға декларация тапсырған кезде төленеді; уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін алымдар – жүк уақытша сақталған жағдайда қолданылады; кедендік алып жүру үшін алымдар – тауарлар кеден органдарының бақылауымен тасымалданған кезде белгіленеді; басқа да алымдар, ҚР заңнама мен ЕАЭО келісімдерімен көзделген.

     Сонымен қатар, алымдарды дұрыс есептеу, оларды электронды түрде төлеу, сондай-ақ кедендік рәсімдер тоқтатылған немесе өзгерген жағдайда қайтару мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Импорт пен экспорт кезінде алымдарды төлеуге қатысты СЭҚҚ тәжірибесінен нақты мысалдар келтірілді.

     Брифингке импорттаушы және экспорттаушы компаниялардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алып, кедендік алымдардың түрлеріне қатысты практикалық жағдайларды қарастырып және оларды қолдану рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

     Бұл брифинг кедендік алымдарды қолдану тәртібін біркелкі түсінуді қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.