2025 жылғы 24 қыркүйек айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі -БДБ) басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі С.М. Шимгамбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ өкілімен бірлесе отырып, қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша мәселелер қарастырылды.
Ұсынылған ақпарат мемлекеттік қызметшілерге кәсіби қызметімізде пайдалы болады және белгіленген нормаларды жауапкершілікпен орындауға қосымша ынталандыру болады. Бұл тақырыптар мемлекеттік қызметтің беделі мен халық сенімінің деңгейіне тікелей әсер ететін негізгі іргетасы қағидаттарын көрсетеді.