«Кедендік әкімшелендіру және сыртқы экономикалық қызмет барысында баға ақпаратын қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Кедендік әкімшелендіру және сыртқы экономикалық қызмет барысында баға ақпаратын қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

     Өз сөзінде төрағалық етуші кедендік әкімшілендіру саласында баға ақпаратын қалыптастырудың маңызына тоқталды. Бұл процесс Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіндегі ашықтықты, объективтілікті және бюджетке толық төлемдердің түсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

     Бағалық ақпарат мына мақсаттарда қолданылады:

     - Кедендік құнды дұрыс анықтау;

     - Контракт құнын төмендету немесе негізсіз арттыру тәуекелдерінің алдын алу;

     - Бюджет кірістерінің толық түсуін қамтамасыз ету;

     - Талдау және бақылау үшін бірыңғай баға базасын құру.

     Ақпарат көздері ретінде:

     - Ресми деректер;

     - Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ұсынған мәліметтер;

     - Статистикалық және аналитикалық материалдар;

     - Халықаралық ақпараттық жүйелер қолданылады.

     Бағалық ақпаратты қалыптастыру мен пайдаланудың тәртібін реттейтін маңызды нормативтік құжаттардың бірі – 2021 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қаржы Миниистрінің №414 бұйрығы.