Мінсіз бедел мен іске адалдықтың үлгісі

Мінсіз бедел мен іске адалдықтың үлгісі

     2025 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

     Салтанатты рәсім барысында мемлекеттік қызметке 30 жылдан астам уақытын арнаған қызметкерлерге, оның ішінде Бауыржан Касымович Сарсенбаевқа, Бакытжан  Калиевич Кожабековке, Сабит Минбаевич Сарсенбаевқа алғыс хаттар табыс етілді.

     Айрықша атап өтілетіні, Кожабеков Б.К. зейнеткерлікке шығып, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ алғашқы зейнеткері болып табылады.

     Мемлекеттік қызметтегі жылдары үшін Бакытжан Калиевич Мемлекеттік кірістер органдары күніне арналған мерекелік медалімен марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің алғыс хаттарымен марапатталған.

     Бакытжан Калиевич – мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтып, мінсіз беделінің жарқын үлгісі болып табылады.