2025 жылғы 22 тамыз айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі – БДБ) қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шақырылған спикерлер:
Сапарбеков Алмас Қабылбекұлы - «Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті» РММ мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы;
Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы - «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК психиатр нарколог дәрігері.
Өткізілген іс-шара барысында Әдеп кодексін, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде пайда болуының, тыйым салынған заттарды медициналық емес тұтынудың, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқарудың жол берілмейтін жағдайларының алдын алуға бағытталған алдын алу шаралары қаралды.
Ұсынылған ақпарат мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен тәртібін нығайтуға, сондай-ақ жеке мінез-құлқы мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауы үшін жоғары жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететін болады.