«Бірдей тауарлармен (2 әдіс) ұқсас тауарлардың (3 әдіс) мәміле құны бойынша кедендік құнды анықтау әдістерін қолдану» тақырыбында СЭҚ қатысушыларымен дөңгелек үстел

«Бірдей тауарлармен (2 әдіс) ұқсас тауарлардың (3 әдіс) мәміле құны бойынша кедендік құнды анықтау әдістерін қолдану» тақырыбында СЭҚ қатысушыларымен дөңгелек үстел

     2025 жылғы 06 тамыз айында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының бағалық ақпаратты қалыптастыру бөлімімен СЭҚ қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

     Дөңгелек үстелді өткізу кезінде бағалық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бас маманы Е.Е. Ромашов сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына кедендік құнды анықтау әдістерінің, оның ішінде 2-ші және 3-ші әдістердің, Қазақстан Республикасындағы сатып алу жүйесі мен бюджет шығындарын жоспарлау саласында маңызды рөл атқаратынын түсіндірді. Бұл процестің басты мақсаты – тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың ашықтығын, объективтілігін және негізділігін қамтамасыз ету. Аталған процесті реттейтін негізгі нормативтік актілердің бірі – Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының 2012 жылғы 30 қазандағы №202 шешімі болып табылады.

     Бірдей тауарлар мәмілесінің құны бойынша кедендік құнды анықтау (2-әдіс) бойынша барлық сипаттамалары бойынша бірдей, соның ішінде физикалық қасиеттері, сапасы және беделі жағынан ұқсас тауарлар болып табылады. Сыртқы түріндегі болмашы айырмашылықтар тауарларды бірдей деп танудан бас тартуға негіз бола алмайды, егер бұл тауарлар қалған белгілері бойынша осы абзац талаптарына сәйкес келсе.

     Ұқсас тауарлар мәмілесінің құны бойынша кедендік құнды анықтау (3-әдіс) бойынша барлық жағынан бірдей емес, бірақ ұқсас сипаттамалары бар, сол сияқты материалдардан өндірілген, ұқсас құрамдастардан тұратын және бағаланатын (импортталатын) тауарлармен бірдей функцияларды орындай алатын, сонымен қатар олармен коммерциялық тұрғыдан өзара алмастырылатын тауарлар саналады. Тауарларды ұқсас деп тану кезінде сапасы, беделі, тауар таңбасының болуы сияқты сипаттамалар ескеріледі.

     Дөңгелек үстел қатысушыларына өзекті сұрақтарына түсіндірмелер берілді.