Әдеп жөніндегі уәкіл «ҚР ҚМ МКК БДБ» РММ қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Әдеп жөніндегі уәкіл «ҚР ҚМ МКК БДБ» РММ қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

     2025 жылғы 31 шілде айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі – БДБ) қызметкерлеріне БДБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Шимгамбаевтың қатысуымен келесідей тақырыптарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

     1. Басқарма қызметкерлерінің еңбек заңнамасын, қызметтік тәртібін, ұтымды және тиімді жұмыс уақытын сақтау:

     2. Лудоманияның алдын алу, құмар ойындарға қатысуға тыйым салу;

     3. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы.

     Іс-шара аясында қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының негізгі аспектілері ұсынылды, құмар ойындарға қатысуға тыйым салу туралы заңнаманың ережелері түсіндірілді, сондай-ақ еңбек тәртібі мен еңбек заңнамасының нормаларын сақтаудың маңыздылығына назар аударылды.

     Этикалық стандарттарға және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қызметтік қызметтегі бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ықтимал тәуекелдер мен алдын алу шаралары қаралды.

     Түсіндіру жұмыстары қолжетімді түрде жүргізілді және қызметкерлердің құқықтық және этикалық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етті.