2025 жылғы 29 шілдеде «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының №2 Электрондық декларациялау бөлімінің басшысы Б.Е. Базаров тарапынан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Шимгамбаевтың қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген 2022–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы тақырыбында (5-бөлім) түсіндіру жұмысын жүргізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заң алдындағы теңдік, ашықтық, есептілік, алдын алуға басымдық беру, қоғаммен және цифрлық трансформациямен өзара іс-қимыл сияқты негізгі қағидаттары түсіндірілді. Қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.