2025 жылғы 28 шілде айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (әрі қарай - СЭҚҚ) өкілдерінің қатысуымен тауарлардың кедендік құнын айқындау сұрақтары бойынша брифинг ұйымдастырылды. Брифинг бейнеконференц-байланыс форматында қатысушылар тізімімен сәйкес өтті.
Брифинг барысында СЭҚҚ өкілдерімен кедендік құнды айқындаудың заңнамалық негіздері, кедендік құнды декларациялау кезіндегі жиі кездесетін қателіктер мен бұзушылықтар, бақылау тәртібі талқыланды және СЭҚҚ сұрақтарына жауаптар берілді.
Негізгі назар кедендік кұнды айқындау әдістерін қолдану - мәміле бағасы әдісінен бастап резервтік әдіске дейінгі тәртібіне аударылды.
Сонымен қатар, әр әдісті нақты жағдайда қалай қолдану керек екені, декларациялау кезінде құнды құжаттармен тәртібі қарастырылды.
Брифинг қатысушылары өзекті сұрақтарға толық жауап алды, кедендік құнды түзету және құжаттар толық болмаған жағдайда әртүрлі әдістерді қолдану бойынша тәжірибелік мысалдар қарастырылды.
Брифинг СЭҚҚ өкілдерінің білімі мен түсінігін арттыруға көмектесті және оларға халықаралық сауда және тауарларды шекара арқылы өткізуде өте манызды болатын кедендік құнды айқындау мен негіздеу тәртібін жақсы түсінуіне мүмкіндік берді.
СЭҚҚ тізімі:
-«Cruz Logistik» ЖШС өкілі К.Наурызова;
-«S Keden» ЖШС өкілі Е.Назиев;
-«ADS market» ЖШС өкілі Д.Ахметжанова.