2025 жылғы 23 шілде айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ СЭҚҚ қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында кедендік декларациялау кезінде күмінді мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілікке қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 545-бабын қолдану бойынша түсіндірмелер берілді.
Талқылау шеңберінде құқық бұзушылықты құқықтық саралау, қасақана және байқаусызда жасалған қателіктердің айырмашылығы, СЭҚ қатысушылары мен кеден өкілдерінің әкімшілік жауапкершілікке тартылу тәртібі, сондай-ақ, құқық қолдану практикасының кейбір даулы тұстары қаралды.
Сонымен қатар, жауапкершілікке тарту туралы қаулыларға шағымдану тәртібі, декларацияларды ресімдеу кезінде құқықтық тәуекелдерді азайту жолдары және кеден органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі бойынша да түсіндірмелер берілді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша СЭҚ қатысушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға, кеден органдары тарапынан ақпараттандыру-түсіндірме жұмыстарын жетілдіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 545-бабын қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдарды өзектендіруге бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды.